Сарқан ауданында «Жұмыспен қамту орталығының» ұжымы өз таңдауларын жасады

Ауызбіршілігі жарасқан «Жұмыспен қамту орталығының» қызметкерлері сайлау науқанына бір кісідей атсалысып, айрықша азаматтық белсенділік танытып, дауыс берді.

Аталған ұжым Сарқан қаласындағы №349 сайлау участкесінде таңдау жасады.

«Бүгін еліміз үшін маңызды саяси науқан өтіп жатыр. Мемлекет тағдыры үшін аса маңызды саяси науқанда әрбір азамат саналы түрде сайлауға қатысып, дауыс беруі керек деп санаймын. Өйткені ол әр азаматтың өзінің тағдырына, ел тағдырына әсер етпек»,- деді «Жұмыспен қамту орталығының» басшысы Дидар Сағынғали.

Айта кетейік, бүгінгі сайлауға 4 мыңға жуық бюджеттік қызметкерлер таңдауларын жасайды деп күтілуде.

ЕлҮшінТаңдау

ӨзКандидатыңдыТаңда

Сайлауғабарамын

ЖетісуСайлау

Мәліметпен бөлісу: