Өңір басшысы Ғалымжан Қанатұлы Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің және мәслихаттар депуттатарының сайлауында дауыс берді. Сарұан қаласы аудандық мәдениет үйінде орналасқан № 349 сайлау учаскесіне келіп, таңдауын жасады. «Бүгін еліміз үшін аса маңызды саяси оқиға.Тәуелсіз еліміздің болашағы дегенде барлығымыз бір кісідей алаңдауымыз керек. Сайлауға қатысу тек ақ жағалыларға ғана тән нәрсе емес. Бұл тұтас ұлттың мойнына артылған жауапкершілік. Болашақ бағытыңды айқындайтын уақыт. Сондықтан да, бұл біз бен сіздің азаматтық парызымыз», — дейді аудан әкімі. Жалпы бүгін, 19 наурыз Сарқан ауданындағы барлық сайлау учаскелері таңғы сағат 7.00-ден бастап жұмыс істеуде. #ЕлҮшінТаңдау #ӨзКандидатыңдыТаңда #Сайлауғабарамын #ЖетісуСайлау