САРҚАН МАЙ» ЗАУЫТЫНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бүгін Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Ахмолдаев Данияр Тұрғанбекұлы, Сарқан аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттары Аязбаев Талғат Тоқтасынұлы, Тоқтасынова Камила Мұратқызы және Шұлғаубаев Алтай Камиұлының сенімді өкілі Доланбаева Жамал Айтқалиқызы «Сарқан май» зауытының еңбек ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында кандидаттар 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының негізгі басым бағыттарын кеңінен таныстырып, алдағы кезеңге арналған жоспарлар мен міндеттерді түсіндірді.

Сонымен қатар ұжым мүшелерімен ашық пікір алмасып, жұмысшылардың ұсыныс-пікірлері мен өзекті мәселелеріне назар аударылды. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

Кездесудің басты мақсаты – сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарын халыққа жеткізу, тұрғындармен ашық диалог орнатып, елді мекендердің дамуына бағытталған ұсыныстарды назарға алу.

Халықпен ашық байланыс – нақты істер мен нәтижелі жұмыстың негізі!

Мәліметпен бөлісу: