Сарқан политехникалық колледжінің қызметкерлері челлендж аясында дауыс берді

Сарқан политехникалық колледжінің қызметкерлері ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси науқанға белсенді қатысып, дауыс беру арқылы өз азаматтық ұстанымдарын білдірді. Ұжым мүшелері дауыс беруді тек азаматтық міндет ретінде ғана емес, ел болашағына деген жауапкершіліктің көрінісі ретінде қабылдады.

Колледж қызметкерлері арнайы ұйымдастырылған челлендж аясында бірлесе отырып дауыс беруге қатысып, өз әріптестерін де қоғамдық маңызды шарадан шет қалмауға шақырды. Бұл бастама ұжымның ауызбіршілігін көрсетіп қана қоймай, азаматтық белсенділікті арттыруға бағытталған жақсы үлгі болды.

№351 дауыс беру учаскесіне келген қызметкерлер белгіленген тәртіппен өз таңдауын жасап, заңнамада көзделген азаматтық құқықтарын пайдаланды. Әрқайсысы елдің ертеңіне қатысты өз пікірін білдіріп, маңызды қоғамдық науқанға өз үлесін қосты.

Челлендждің басты мақсаты — халық арасында дауыс берудің маңыздылығын насихаттап, азаматтарды белсенді болуға үндеу. Осындай бастамалар қоғам мүшелерінің ел тағдырына қатысты маңызды мәселелерге бейжай қарамауына, өз таңдауын еркін әрі жауапкершілікпен жасауына ықпал етеді.

Сарқан политехникалық колледжінің қызметкерлері де осы игі бастаманы қолдап, өз таңдауын жасады. Ұжым мүшелерінің белсенділігі жастарға да үлгі болары сөзсіз. Себебі колледж қабырғасында білім алып жатқан білімгерлер — еліміздің болашағы. Оларға азаматтық жауапкершіліктің, қоғамдық белсенділіктің және елжандылықтың үлгісін көрсету — ұстаздар мен колледж қызметкерлерінің маңызды міндеттерінің бірі.

Мәліметпен бөлісу: