
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасы қарасты «Сарқан» шекара бөлімінде облыстық аурухана дәрігерлерінің қатысуымен жеке құрам арасында «АИТВ инфекциясының алдын алу» тақырыбында сұхбат жүргізілді.
Іс-шара барысында медицина мамандары АИТВ инфекциясының таралу жолдары, оның алдын алу шаралары және салауатты өмір салтын сақтау маңыздылығы туралы кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар, жеке құрамның денсаулығын қорғау және қауіптің алдын алу бағытында нақты ұсынымдар берілді.
Кездесу әскери қызметшілердің медициналық сауаттылығын арттыруға және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті.
