Ауданның белсенді жастарының ұйымдастыруымен «Сарқан жастары- жарқын болашақ үшін» тақырыбында акция өткізілді.
Акция мақсаты:
Жастардың болашаққа деген қадамдарын нық басуды,болашақ жастардың,өзіміздың қолында деген ұғымды тереңінен жеткізу.
Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту.
Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту.
Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.
Патриоттық тәрбие қалыптасады.
Жастар – кез келген қоғамның болашағы мен қозғаушы күші. Бұл оймен дауласудың өзі артық.
Мемлекеттің тұрақты дамуының негізі – бәсекеге қабілетті жастар буыны, ал бұл тікелей жас қазақстандықтардың білім мен білік сапасына, олардың ұмтылысы мен ынтасына байланысты. Сондықтан да мемлекеттік саясаттың негізгі бағытының бірі — жастар секторы. Жастар секторына Қазақстанда айрықша назар аударылады.