2012-2017 жылдары туылған мектеп оқушыларының жазғы демалысын тиімді өткізіп, салауатты өмір салтын ұстануға мақсат етілген фестиваль Жетісу облысының бірқатар аудандарында ұйымдастырылуда.
Фестивалдің ашылу салтанатына Сарқан ауданының әкімі Ғалымжан Қанатұлы, Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ұлан Ғалымұлы және Жетісу облысының футбол федерациясының президенті Ерік Қойшыбайұлы қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарысқа Сарқан, Ақсу, Алакөл аудандарының 14 командасынан 150-ге жуық жас футболшылар қатысты.
Жеңіске жеткен командалар Талдықорған қаласында финалдық ойында өнер көрсететін болады.