Сарқанда спорт күніне орай марафон өтті


Бүгін Сарқан қаласында Спорт күні мерекесіне орай «Спорт – денсаулық кепілі» атты марафон ұйымдастырылды.
Шараға өңір тұрғындары белсенді қатысып, 5 шақырымдық қашықтыққа жүгіруден өзара бақ сынады. Додаға 50-ге тарта спорт сүйер азамат қатысып, көпшіліктің спортқа деген қызығушылығы мен белсенділігін айқындады.

Жарыстың ашылуында сөз сөйлеген Сарқан ауданы әкімінің орынбасары Байғұнысов Алмас Ажарханұлы:
«Спорт – салауатты өмір салтының негізі. Мұндай шаралар тұрғындардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, жастарды спортқа баулиды. Бүгінгі марафонға қатысқан әрбір азамат жеңімпаз», – деп жиналғандарды мерекемен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жүгіру додасында өзгелерден озық шыққан спортшылар марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.

Мәліметпен бөлісу: