«Sarkand_insta»ның жергілікті блогері дауыс берді

Сарқан қаласының жергілікті блогері Зарина Карахан ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси шараға қатысып, өз азаматтық таңдауын жасады. Ол № 351сайлау учаскесіне келіп, азаматтық құқығын пайдаланып, өз таңдауын білдірді.
Белсенді әлеуметтік желі қолданушысы ретінде блогердің дауыс беруге қатысуы қоғамдық маңызы бар шараларға жастардың қызығушылығын арттыруға ықпал ететін маңызды қадам болды. Бүгінде әлеуметтік желілер ақпарат таратудың тиімді алаңына айналғандықтан, жергілікті блогерлердің азаматтық белсенділігі көпшілікке, әсіресе жас буынға үлгі бола алады.
Зарина ханым дауыс беру арқылы ол өз ұстанымын білдіріп қана қоймай, оқырмандарын да азаматтық жауапкершілік танытуға үндеді.
Дауыс беру — әр азаматтың өз таңдауын білдіретін маңызды мүмкіндік. 
Осындай бастамалар арқылы қоғам мүшелері бір-бірін ел болашағына бейжай қарамауға, өз құқықтарын пайдалануға және қоғамдық өмірге белсенді қатысуға шақырады.

Мәліметпен бөлісу: