Сауда жәрмеңкелері өтті


Құрылтай сайлауы қарсаңында аудан аумағында сауда жәрмеңкелері ұйымдастырылып, тұрғындарға ауыл шаруашылығы өнімдері мен түрлі қажетті тауарларды тиімді бағамен сатып алуға мүмкіндік берілді.
Жәрмеңкеге жергілікті шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлер қатысып, өз өнімдерін ұсынды. Іс-шара барысында тұрғындарға қолжетімді бағада азық-түлік өнімдері сатылып, сауда-саттық қызу жүрді.
Мұндай жәрмеңкелер жергілікті өндірушілерді қолдауға, кәсіпкерлердің өнімдерін насихаттауға және тұрғындардың сұранысын қамтамасыз етуге бағытталған.

Мәліметпен бөлісу: