Жолдау – өрлеу өзегі
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын ұстану аса маңызды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласымен жүзеге асырылып жатыр. Бұл тұжырым – қоғамымыздың мызғымас тұғыры,- деп тоқталды.
Мемлекет басшысы реформалардың мазмұны жан-жақты толығатынын атап өтті. Жалпыұлттық ынтымақты және билік пен қоғамның серіктестігін нығайта береміз деді ол.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын ұстану аса маңызды. Біз қоғамға іріткі салуды емес, елді ізгі мақсатқа жұмылдыруды ойлауымыз керек. Әділетті Қазақстан идеясының түпкі мәні – осы»,
Мемлекет басшысы қоғамда өркениетті саяси дәстүрді орнықтыру басты мақсат екенін алға тартты. Ол үшін жоғары саяси жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруымыз керек. Онсыз тұрақты әрі жан-жақты даму мүмкін емес.
Президенттің сөзінше, елімізде жүргізіліп жатқан бұл реформалар «билік институттары жүйесінің тепе-теңдігін қалыптастырады». Елдегі саяси үдеріске азаматтардың қатысуына жол ашады. Сондай-ақ, мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыра түседі.
Ұлыбритания тарихшы У.Черчилль: «Ұлыбританияның мәңгілік досы да, қасы да жоқ. Тек мәңгілік мүддесі ғана бар», — деген екен. Дала даналығымен айтқанда, «Бетеге кетер, бел қалардың өзі». Осы ағылшындарда: «Ағылшындар мақсаты биік, бірақ саны аз халық», -деген ұлағатты сөз де бар. Жер ауданы 243 809 км², халық саны 63 млн-нан артық, әлемнің ең бай, қуатты елі осылай деп айтса, Қазақстандықтардың мақсаты одан да биік тұруы керек.
«Өтпелі кезеңдегі барлық қиындықты еңсеріп, орнықты даму жолына түстік. Ендігі мақсат – осындай табыстарды еселеп, жаңа белестерді бағындыра беру. Әйгілі француз ойшылы Жан-Жак Руссо «Мықты мемлекет қана өз азаматтарының еркіндігін қамтамасыз ете алады» деген екен. Халқымыздың тұрмыс сапасын жақсарту үшін Қазақстанды мықты мемлекетке айналдыруымыз керек. «Әділдік, ашықтық және шынайы бәсеке реформалардың негізгі арқауына айналды», – деген түйінді ойымен толықтай келісемін. Біз дамудың жаңа кезеңіне қадам бастық, қарқынды, жан-жақты жаңару үдерісіне бірге атсалысып, билік институттарының бастамаларын қолдап, заңдылық пен құқық тәртібін нығайту, халықтың негізгі мақсаты болуы қажет. Яғни жаңартудың тиімді тетіктерін жасауды қалыптастыруды жүзеге асыруға қолдап атсалысуымыз керек, бұл біздің азаматтық борышымыз деп есептеймін.
Адеме ДАИРБЕКОВА,
М.Жұмабаев атындағы орта мектеп мұғалімі.