
Көзіқарақты жұртқа мәлім, елімізде 6 қазанда АЭС салу туралы республикалық референдум өтеді.
Атом электр станциясы төңірегінде кең тараған аңыздың бірі, әрине, бұл – егер оны салсақ түбі бір ірі ядролық апаттың болатындығы. Бірақ фактілер оған кереғар. Қазір атом электр станцияларында қолданылатын заманауи реакторлар көпсатылы қауіпсіздік жүйелерімен жабдықталған және Чернобыль, Фукусима сияқты апаттардың тәжірибесін ескере отырып жасақталған станциялар екенін ескерген дұрыс. Қолданыстағы технологиялары мен қауіпсіздік талаптары айтарлықтай жақсартылған. Сондықтан қазір АЭС энергия көзін алудағы ең қауіпсіз әдіс болып табылады.
Ғалымдардың айтуынша бүгінгі заманға сай атом электр станциялары өнеркәсіп пен халықтың қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, экологиялық жағынан да таза, сенімді энергия көзі болып табыла алады. Сол себепті референдумға барып, еліміздің болашағына қажет бастаманы қолдаймын.
Б. ЕСЕНБЕКОВ,
Сарқан аудандық мансап орталығының бас маманы.
