
Бүгін «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының өкілдері ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Амангелді Есбай, Ғалиасқар Сарыбаевтар және өңірлік коалиция өкілі Гүлнар Тойлыбаева Сарқан қаласындағы «Азия голд» ЖШС ұжымымен кездесіп, емен-жарқын пікір алмасты.

Кездесу барысында спикерлер конституциялық реформалардың ел дамуының жаңа кезеңіндегі стратегиялық маңызы сөз болып, 15 наурызда өтетін республикалық референдумның тарихи жауапкершілігіне тоқталды. Жиынға қатысушылар жаңа Конституция жобасының қоғам сұранысы, сарапшылар қауымдастығының пайымы мен саяси партиялардың ұсыныстары негізінде жан-жақты талқылады.

