Шұғыл шаралар қабылдануда

 Өткен аптада Мемлекет бас­шысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы жиын өткізіп Үкіметке шұғыл шаралар қабылдауды тапсырған болатын.

Бейнебайланыс режімі арқылы өткізілген жиынға Үкімет мүшелері, бірқатар мемлекеттік органдардың басшылары, қалалар мен облыстардың әкімдері қатысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде дер кезінде жарияланған қатаң карантин шаралары уақыттан ұтып, эпидемияның қатты өршіп кетпеуіне мүмкіндік бергенін атап өтті. Өкінішке қарай Төтенше жағдай режімі тоқтатылғаннан кейін барлық карантин шаралары босаңсып кетті.

– Биылғы 11 мамырда шекте­улер алынғаннан кейін вирустың таралуы 7 есе өсті. Бұл көп жағдайда бірқатар мемлекеттік органдардың жұмысындағы кемшіліктерге байланысты болып отыр. Мемлекеттік басқару жүйесінің орталық және жергілікті органдары Төтенше жағдай режімі тоқтағаннан кейінгі кезеңде тиімді жұмыс істеуге дайын болмағанын атап өту қажет. Ведомствоаралық ко­миссия өзіне жүктелген міндетті атқаруға шамасы жетпеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті бюджет қаражатының шығысы бойынша ақпаратқа қол жеткізуді жеңілдету, азаматтардың мемлекетке деген сенім деңгейін арттыру, сондай-ақ тиімді диалог платформасын құру мақсатында «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» (publicbudget.kz) жобасын жүргізуде.

Бүгінгі күні Карта қоғамдық бақылау мен Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын құру жөніндегі тапсырмасын іске асырудың пәрменді тетігіне айналды.

Бұл бастама сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ба­стамасы бойынша жүзеге асырылатын ТМД кеңістігіндегі бірегей жоба екендігін айта кету керек.

Аталған Карта нақты уақыт режимінде бөлінген бюджет қаражаты ту­ралы егжей-тегжейлі мәліметтерді халыққа қолжетімді нысанда көрсетеді, осылайша мемлекеттік шығыстарды бақылауға мүмкіндік береді.

Өз кезегінде, Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі барлық мүдделі азаматтарды онлайн режимде Карта мүмкіндіктерін пайдалана отырып, қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға шақырады.

Мұны ашық мойындау керек. Денсаулық сақтау министрлігі орталық және жергілікті билік органдарының жұмысын үй- лестіре алмады, – деді Мемле­кет басшысы.

Мемлекет басшысы Ведомствоаралық комиссияның шұғыл әрі қатаң үйлестіру жұмыстарын қамтамасыз ету­ге, оның орындалуына монито­ринг жүргізуге және бақылауға қауқарсыз болып отырғанын айтты. Пандемиямен күрес жөніндегі барлық шешімді, оның әлеуметтік және экономикалық теріс әсерлерін жоюды Премьер-Министр басшылық ететін тиісті Мемлекеттік ко­миссия аясында пысықтауды тапсырды. Мемлекеттік ко­миссия ең маңызды деген ресурстардың таралуын бір орталықтан бақылауды қамтамасыз етуі тиіс. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Мемлекеттік коммиссия отыры­сында эпидемиологиялық аху­алды тұрақтандыру шаралары қаралды. Қазақстан бойынша 14 күндік шектеу шаралары енгізілді.

Мәліметпен бөлісу: