Шекарашыларға Сібір жарасының сақтану жолдары жеткізілді

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департментінде Сібір жарасы дертінің жұғу жолдары мен алдын алуға арналған ақпараттық сағат ұйымдастырылды.

Шараны департаменттің әскери медициналық қызметінің бастығы медицина қызметінің полковнигі Айдын Қандығатаев жүргізді.

Маманның айтуынша, Сібір жарасын адамға жұқтырушы көз  — үй жануарлары болып табылады. Адамға аурудың жұғу жолы көбінесе жанасу арқылы (малды сою кезінде терісін сыпыруда немесе мал терісін өңдеуде)  және бактерияның спораларымен ластанған  тағамдар мен ауыз суын ішіп-жеуде және ластанған топырақты егістікте қолдануда жұғуы мүмкін.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

Мәліметпен бөлісу: