Сіздерге алғыс айтамын

Бүгінгі таңда Сарқан аудандық филиалы «Тіл» оқу — әдістемелік орталығының тіл курсындағы тыңдаушыларыма қазақ тілін меңгеруге зор жауапкершілікпен, үлкен құрметпен тілді ұғынуға деген талпыныстары үшін  алғыс айтамын!   

Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі 1- наурыз Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын! Алғыс айту күні — бұл көп ұлтты этнос өкілдерінің құтты қонысы болған қасиетті қазақ жеріне, еліне деген ризалық білдіру күні. Қазақстан  халқының мұрасы татулық пен келісім, ізгілік пен мейірімділік, береке мен бірлікке үндейтін ізгі дәстүріміздің мызғымас тірегіне айналған күн.

     Қазақ тіліне аса жауапкершілікпен, қызығушылықпен «Грамматика казахского языка просто о сложном» кітабын өздеріңіз ізденіп тапсырыс беріп өз қаражаттарыңызға алғандарыңыз мемлекеттік тілге деген құрметтеріңіздің  дәлелі деп білемін. Сыйластық пен құрметтің бастауы болған мерекеде, мол денсаулық, шаңырақтарыңызға шаттық, шығармашылық табыс тілеймін!

Н.Тультекенова,

 «Тіл» оқу — әдістемелік орталығы Сарқан аудандық филиалының меңгерушісі.

Мәліметпен бөлісу: