Әскери дәрігердің әсерлі әңгімесі

Жуырда аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ҚР Қарулы күштер  полковнигі, Қорғаныс министрлігінің құрметті әскери дәрігері Фархат Хусаиновпен мекеме жеке құрамы кездесу өткізді. Жиынды ашқан бөлім басшысы, подполковник Талғат Әлсейітов еліміз үшін осынау мерейлі мереке аясында өткізіліп отырған кездесудің мән-маңызына кеңірек тоқталып, қадірменді мейманға сөз берді.

Өз кезегінде сөз алған Фархат Садықұлы Островский атындағы мектеп-лицейді тәмамдағаннан кейін әскер қатарында Отан алдындағы борышын Ауғанстан, Моңғолия, Түркменстанның Мары облысында өтегенін, Чернобыль АЭС-інде азаматтық парызын атқарғанын мәлімдеді. Тәуелсіз Қазақстан әскерінің құрымдалуы, қорғаныс министрлігінің құрылу кезеңі көз алдынан өткенін тарқатып айтты. Аягөз, Семей гарнизонында, Үшарал шекара батальонына іссапарларлармен барып жүріп, еліміздің қорғаныс қабілетін  қалыптастыруға бір адамдай үлес қосқанын жеткізді. 1992 жылдың 7 мамырында Елбасының Жарлығымен қорғаныс министрлігі құрылғанда алғашқы қорғаныс министрі, Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтің қол астында қызмет атқарғанын, еліміздің қорғаныс қабілетін нығайту үшін алты айлық курсты мәмамдаған сарбаздар кіші лейтенант шенін алып, әскер қатарын толықтырғанын, америкалық үлгімен әскер қатарында сержанттар мектебі қалыптасқанын, 1997 жылдары әскери салада ынтымақтастық орнап шет ел мемлекеттерімен тәжірибе алмасқандарын, денсаулық жағдайына байланысты сол жылы құрметті демалысқа шыққанын айтты.  

Жиын соңында жеке құрам тарапынан қойылған сауалдарға құрметті мейман тарапынан толыққанды жауап берілді.

Ж. ЖОМАРТҰЛЫ.

Мәліметпен бөлісу: