Соңғы екі жыл ішінде су шаруашылығы саласының негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі 579 млрд теңгені құрады. Бұл туралы су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Үкімет жұмысының жылдық қорытындыларына арналған баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Спикер атап өткендей, қазіргі таңда Су ресурстары және ирригация министрлігі шетелдік серіктестермен 7 келісімге және 30-дан астам өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
«Қол қойылған меморандумдардың ішінде қытайлық серіктестермен Жамбыл облысында смарт-технологиялар шығаратын зауыт салу бойынша $20 млн ынтымақтастық ниетін, сондай-ақ Азия даму банкімен Есіл қарсы реттегіші құрылысына қаржы бөлу туралы меморандумды ерекше атап өтуге болады. Аталған нысан 873 млн текше метрге дейін тасқын су жинауға мүмкіндік береді, бұл Солтүстік Қазақстан облысындағы елді мекендерді су басу қаупінен сақтайды»,
— деп толықтырды сөзін Нұржан Нұржігітов.
579 млрд тенге инвестиций привлечено в основной капитал в водной отрасли за два года: Правительство об итогах работы за год
За два года объем привлеченных инвестиций в основной капитал в водной отрасли составил 579 млрд тенге. Об этом сообщил министр водных ресурсов и ирригации Нуржан Нуржигитов на пресс-конференции, посвященной итогам деятельности ведомства за год.
Он отметил, что на сегодня Министерство водных ресурсов и ирригации заключило с зарубежными партнерами 7 соглашений и более 30 меморандумов о взаимопонимании и сотрудничестве.
«Среди подписанных меморандумов можно выделить намерения о сотрудничестве на $20 млн с китайскими партнерами о строительстве завода по выпуску смарт-технологии в Жамбылской области, а также меморандум с Азиатским банком развития о предоставлении средств на строительство Есильского контррегулятора. Объект позволит собирать 873 млн м3 паводковой воды, что обеспечит защиту от подтоплений населенных пунктов Северо-Казахстанской области»,
— добавил Нуржан Нуржигитов.
@KZgovernment
