Өзінің бағытын нақты ұстаған сот жүйесі жылдар керуенін артқа тастап, жүргізілген тегеурінді сот реформасының аясында биік асуларды бағындырды. Сот жүйесінің негізгі мақсаты азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға және Республика Конституциясының, заңдарының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан да сот алдында сот төрелігін сапалы атқару, әділ шешім шығарумен қатар мемлекеттік тілді өз тұғырына қондырып, қазақ тілінде сот ісін жүргізу мәселесіне де жаппай көшетін уақыт жақын деп блеміз.
Бүгінгі сот жүйесінде ана тіліміздің үлесі көңіл қуантарлық. Атап айтар болсақ, сот өндірісіндегі кіріс, шығыс хат-хабарлар мемлекеттік тілде жолданады.
Соттың ресми сайты қазақ және орыс тілдерінде, ал, ішкі құжат айналымы қазақ тілінде жүргізіледі. Бұл көрсеткіштер жыл сайын еселену үстінде. Мәселен, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, оны отбасы құндылығы ретінде қарастыруды көздейтін прақтикалық сабақтар мен семинарлар тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Мұнан өзге мемлекеттік тілде рәсімделген сот актілерінің сапасына талдау жүргізіледі. Бір сөзбен айтқанда, тіліміздің сот жүйесінде қолданылу деңгейі жыл сайын артып келеді.
Тілсіз ұлт болмайды және еліміздің болашағы қазақ тілінде. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы. Тіліміздің тағдыры өз қолымызда, тіліміздің мәртебесін көтерейік!
А.М.ДОСАНОВ,
Сарқан аудандық соты төрағасының м.а.