Бүгінде пандемияның бізді үлкен сынаққа салып отырғаны белгілі. Бұл індетке тосқауыл қоятын бірден-бір амал-вакцина салдыру. Президент өзінің жолдауында вакцина салдыруға қарсы шыққандардың айналасына зиянын тигізетінін өте орынды айтты. Екпе алу өз алдына, дәл қазіргі уақытта біздің азаматтарымыздың тәжтажалдың таралуына той-томалақ пен көп адамның бас қосылатын түрлі отбасылық жиындар-дың тікелей әсер ететінін түсінетін уақыты жетті. Отандастарымыз ел ішінде ойран салған індетпен саналы түрде күреспесе, жағдайдың оңала қоятын түрі көрінбейді.
Келешегімізге тікелей қауіп төндіріп отырған қатерлі дертпен бір кісідей жұмыла күресе білсек, Жолдауда айтылған жақсы бастама, игі қадамдардың-жалақы мөлшерінің артқанын, баспана алудағы жеңілдіктердің, жаңашыл реформалардың, басқа да оң өзгерістердің жемісін бірге көру бұйырар еді деп нық сеніммен айта аламын.
Асхат ИСКАКОВ,
аудандық мәслихаттың депутаты