ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА ТАҒЗЫМ!


Ұстаз – ұлттың ұлы құндылықтарын ұрпақ санасына сіңіріп, білім мен тәрбиенің шамын жағатын абзал жан. Ұстаз еңбегі – өлшеусіз, оның шәкірт жүрегіне қалдырған ізі – мәңгілік.
Ұстаздар мерекесіне орай «ӘDILET» партиясы Жетісу облыстық филиалының төрағасы Есбай Амангелді Ғабдідкәрімұлы білім саласының майталмандарын айтулы мерекемен арнайы құттықтап, алғыс хаттар табыстады.


Бұл – ұрпақ тәрбиесіне бар ғұмырын арнап, білім мен ғылым жолында аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздарға деген құрметтің белгісі.
Сонымен қатар, ұстаздық жолда сан жылдар бойы еңбек етіп, талай шәкірттің жүрегіне жол тапқан ардагер ұстаздарымыз да назардан тыс қалмады. Оларға арнайы алғыс хаттар табысталып, гүл шоқтары ұсынылды.
Ардагер ұстаздар – кейінгі буынға үлгі, ұлағатты жолдың жалғастырушысы. Олардың өмірлік тәжірибесі мен өнегесі – бүгінгі ұстаздар үшін баға жетпес мектеп.

Мәліметпен бөлісу: