Ұстаз – ұлы тұлға

Аудандық мәдениет үйінде өткен мұғалімдер күніне арналған салтанатты жиын жылдағыдан ерекше болды. Алдымен Ақын Сара атындағы орта мектебінің оқушылары аудан ұстаздарын құттықтап, жүргізушілер алғашқы сөзді аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Маманбаевқа берді.

Ізгі тілегін ортаға салып, жүргізушілердің сауалына орай алғашқы ұстаздарын атап өткен Ғалымжан Қанатұлы марапатқа кезек беріп,  Ақын Сара атындағы мектептің директоры Гүлім Абиловаға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасын табыс етті. Сонымен қатар бір топ ұстаздар  Алматы облысы  білім басқармасының Құрмет грамотасымен, аудан әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Сондай-ақ «Балдырған»  бөбекжай-балалар бақшасының меңгерушісі Гүлнар Іргебековаға облыстық  «Үздік балабақша» байқауының ІІ дәрежелі дипломы табыс етілді.

Келесі кезекте аудандық мәслихат  хатшысы Қадыр Абдрахманов  құттықтау лебізін ортаға салып,   «Қарулы Күштерінің Ардагерлері» Республикалық қоғам-дық бірлестігі  Алматы облысы филиалы Ардагерлер кеңесі төрағасының  «Жергілікті әскери басқару органдарына 100 жыл» мерейтойлық медалін К.Ушинский атындағы орта мектептің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Мұрат Садыбаевтың өңіріне қадады. Балалар шығармашылық үйінің ұстаздары Зүлхабира Атабаева, Бақыт Жәнібекова «Бақытты елдің ұрпағы» қоғамдық қорының төс-белгісімен, Мәншүк Маметова атындағы орта мектептің математика пәнінің мұғалімі Білім Серғазина «Алтын қыран» Республикалық білім дамыту және мәдени шығар машылық орталығының «Білім беру саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Бір топ ұстаздарға «Лучшие люди» халықаралық энциклопедия редакциясының «Білім саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі табыс етілді.

Аудандық білім бөлімінің басшысы Панар Иманғазиева Елбасы Жолдауында айтылған ұстаз беделін арттыру бағытындағы жағымды жаңалықтарды атап өтіп, жауапкершілігі зор парызды адал атқарып жүрген ұстаздарды марапаттап, бағалы сыйлықтар өз иелерін тапты.    Білім және ғылым қызметкерлері  кәсіподағы аудандық  кеңесінің төрағасы Ермек Алинов өз тарапынан аудандық балалар шығармашылық үйінің  бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Аманғали Ахметқалиевтың өңіріне Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін арнаулы төс белгісін қадап, бір топ ұстаздарға  Білім және ғылым қызметкерлері салалық кәсіподағының Құрмет грамотасын, бағалы сыйлығын табыстады.

Салтанатты жиында зейнеткер-ұстаздар,    жас мамандар сахна төріне  шақырылып, құрмет-қошамет көрсетілді.

Мереке құрметіне орын-далған ұстаздар қауымының, өнерлі шәкірттердің ән-билері, 2017-2018 оқу жылының рейтингісі бойынша бірінші орынға ие болып, «Жаһандық жаңа идея алаңында» номинациясымен марапатталған Абай атындағы мектеп-гимназия ұжымының көріністері көпшілік көкейінде қалды.

Өз тілшіміз.

Мәліметпен бөлісу: