
Еліміздегі реформаларды жүзеге асыруда ұстаздар қауымының рөлі зор, олардың белсенділігі мен конституциялық үдерістерге қатысуы маңызды. Қолға алынған реформалардың нәтижелі іске асырылуы ағарту саласы мамандардың кәсіби біліктілігімен тығыз байланысты. «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның халықтық конституциясы үшін!» аудандық коалициясы №54 мектебінің ұжымымен кездесуде осылай деді. №54 орта мектебінің өткен Жаңа Конституция жобасының мазмұнын түсіндіру, ондағы өзгерістердің ел болашағына әсерін жеткізу мақсатында кездесуге Сарқан аудандық коалициясының мүшелері Искаков Асхат Төлеуханұлы, Айтжанов Ертай Нүсіпұлы, Жетібаева Гүлнар Мұқашқызы қатысты. Кездесу барысында Конституция жобасына енгізіліп отырған негізгі өзгерістер мен толықтыруларды жан-жақты түсіндіріп, олардың қоғамды демократияландыруға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нақты кепілдендіруге, Референдумға ұсынылған өзгерістер мемлекеттік басқаруды заманауи талаптарға сәйкестендіруге, сот және құқық қорғау салаларының жұмысын күшейтуге, адами капиталды нығайтуға, сондай-ақ гендерлік теңдікті ілгерілетуге бағытталғанын атап өтті. Айта кету керек, 15 наурызда Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі республикалық референдум өтеді.
Өз тілшіміз.
