Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді саясаттың маңызды элементтерінің бірі – бұл кешенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары болып табылады. Сол себепті, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаменті және «Жетісу – адалдық алаңы» жобалық кеңсе менеджерлерінің ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлықты — бірге жеңеміз!» атты акциясы өтуде.
Бұл акцияның мақсаты облыс тұрғындары арасында әділдік, парасаттылыққа және адалдық қағидаларына шақыру болып табылады. Осыған байланысты, облыстың әр аймағына 20 000-нан астам ақпараттық үгіт-насихат парақшалары таратылды.
Мәселен, Талдықорған қаласындағы 28 мектеп, 10 балабақша, 8 жалпы орта білім беру мекемелеріне, қоғамдық көліктерге және көп қабатты тұрғын үйлерге 1000-нан астамы жабыстырылды.
Ескере кетейік, егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, сіз 1424 call-орталығына 24/7 режимінде хабарласа аласыз.