Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті


Қазіргі  кезде  сыбайлас  жемқорлық  әлемінің  кез  келген  елінде оның  саяси  дамуы  байланыссыз, оның  ішінде  Қазақстанда  да, әлеуметтік  құбылыс  ретінде  өмірін  жалғастырып келеді, ол тек  ауқымдылығымен  ғана  ерекшеленеді. Сыбайлас  жемқорлық  әлеуметтік-экономикалық  даму үдерісін, нарықтық экономиканың  құрылуын, инвестициялар  тарту  процесін тежейді. Қазақстанның мемлекеттік  саясатының  негізгі басымдықтарының  бірі  сыбайлас    жемқорлықпен күрес болып табылады. Көбіне  қоғамда   сыбайлас  жемқорлыққа  екі  негізгі  кейіпкер  қатысады: үкімет және жеке меншік  секторы. Қағида  бойынша  азаматтар  жемқорлықтың  бас құрбанына  айналады. Қазақстан  Республикасының  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  күрес  туралы» заңында  сыбайлас  жемқорлыққа  мынадай  анықтама  берілген: бұл — «жеке түрде немесе делдалдар арқылы  мүліктік  игіліктерді  заңсыз  алу  және мемлекеттік  қызмет  атқарушы  тұлғалардың,  сондай-ақ оларға  теңестірілген  тұлғалардың  өз  лауазымдық  өкілеттіктері  мен  өкілеттеріне  қарсы  мүмкіндіктерін  мүліктік  пайда  табу  үшін  жеке  басына  пайдалануы,  сондай-ақ  аталмыш  тұлғаларға  көрсетілген  игіліктер  мен  жеңілдіктерді  құқыққа  қайшы  түрде  пара  ұсмыну  жолымен  сатып  алу».   

 Е. Орумбаев,  Сарқан ауданы ТЖБ  бастығы,   азаматтық қорғау подполковнигі.   

Мәліметпен бөлісу: