
Қазіргі қоғамда сыбайлас жемқорлықпен күрес – мемлекеттің тұрақты дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттырудың басты шарттарының бірі. Сыбайлас жемқорлық тек экономиканың дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, азаматтардың билікке деген сенімін әлсіретеді. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – бүгінгі заманның нақты талабы.
Қазақстанда бұл бағыттағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын негізгі орган – Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі. Агенттік мемлекеттік қызметтің ашықтығын қамтамасыз етуге, заң бұзушылықтардың алдын алуға және қоғамда адалдық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жұмыстар жүргізеді.
Сыбайлас жемқорлық қоғам үшін аса қауіпті құбылыс. Ол білім беру, медицина, әлеуметтік қолдау сияқты маңызды салалардың дамуын тежейді. Мемлекеттік қаржының әділ бөлінбеуі қарапайым халықтың өмір сапасына тікелей әсер етеді. Сондықтан әрбір азамат заңдылықты сақтауға, әділдік пен жауапкершілік қағидаларын ұстануға міндетті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тек мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ ісі болуы тиіс. Бұл бағытта жастардың рөлі ерекше. Өйткені болашақта ел тізгінін ұстайтын – бүгінгі жас ұрпақ. Адал еңбек ету, парақорлыққа төзбеу және өз құқығын білу – нағыз саналы азаматтың белгісі. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тек заңмен шектелмеуі керек. Ол ең алдымен әр адамның санасынан, тәрбиесінен басталуы тиіс. Адал болу, жауапкершілікпен жұмыс істеу, заңды құрметтеу – кез келген азаматтың басты ұстанымы болуы қажет.
Қорытындылай келе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – еліміздің жарқын болашағы үшін қажет маңызды міндет. Әділ әрі ашық қоғам қалыптастыру әрқайсымыздың жауапкершілігімізден басталады.
Сарқан аудандық мемлекеттік қазынашылық басқармасының бас маман-бас қазынашысы — М.Н.Калдыбекова
