Бүгінгі күнге, сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстан үшін ғана емес, барлық мемлекет үшін маңызды мәселенің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылдың 2 ақпандағы №802 Жарлығымен «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы» бекітілді. Аталған тұжырымдамада еліміздегі ағымдағы ахуалды талдау жүргізіле отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамыту пайымы және негізгі қағидаттары мен тәсілдері келтірілген, сонымен қатар, халықаралық тәжірибеге шолу жасалған. Шетелдік практикалардан сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимыл жасау үшін көптеген факторлар мен элементтерді кешенді түрде ұштастыруды көздейтін жүйелі тәсіл қажет екенін, ақпаратқа кеңінен қол жеткізудің, шешімдер қабылдау процестерінің айқындығы мен қоғамдық қатысу тетіктерін құрудың сыбайлас жемқорлықты барынша азайтуға елеулі дәрежеде ықпал ететінін көрсетеді, сонымен қатар, цифрландыру әкімшілік кедергілерді азайтудың, дискрецияны қысқартудың және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттырудың маңызды факторы болып табылады.
Шектеу шараларын кеңейтумен қатар мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктері де белгіленеді. Әлемде әртүрлі тәсілдер: арнаулы зейнетақы жүйелері, тегін медициналық сақтандыру, көлік шығыстары, балаларға арналған жәрдемақы, тұрғын үй төлемдері және басқалар қолданылады. Сонымен бір мезгілде шет елдерде мемлекеттік қызметшілердің қосымша табыс көздеріне қойылатын шектеулер аз.
Жалпы алғанда, озық практикаларды талдау сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамытудың мынадай үрдістері мен перспективаларын айқындауға мүмкіндік береді: 1) қоғамда парасаттылық мәдениетін нығайтуға бағытталған ағарту іс-шараларын жүйелеу; 2) бизнестің парасаттылығын ынталандыру; 3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға азаматтық қоғамды тарту; 4) мемлекеттік аппараттың қызметі туралы ақпаратқа қолжетімділікті кеңейту және шешімдер қабылдаудың айқындығын қамтамасыз ету; 5) цифрландыру сыбайлас жемқорлықты барынша азайту құралы ретінде; 6) мемлекеттік қызметшілер үшін әлеуметтік кепілдіктерді кеңейту;7) мүдделер қақтығысын болдырмау және реттеу; 8) азаматтық-құқықтық, тәртіптік, әкімшілік-құқықтық және қылмыстық-құқықтық аспектілерде құқықтық мәжбүрлеу шараларының тиімділігін арттыру.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат адамның жеке басынан басталады, сол себептен еліміздің әр азаматы сыбайлас жемқорлықпен күресуге үлес қосуы тиіс.
Б. МАЛДЫБАЕВА,
аудандық қазынашылық басқармасы
басшысының орынбасары.