Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

Егер Сыбайлас жемқорлық белгілі бір қоғамда дамыған болса, ол қоғам жемқорлыққа қарсы еш іс-әрекет қолданбайды немесе жеткіліксіз шаралар қолданады деп түсінуге болады және белгілі бір қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың деңгейі сол қоғамда өмір сүріп жатқан адамдардың білімділігіне байланысты.

«Жоңғар-Алатауы» МҰТП РММ-де 2021 жылдың, қыркүйек айының он үшінде, қызметкерлердің арасында, «ZOOM» арқылы, сыбайлас жемқорлықпен күресу және заңның талаптарын сақтау туралы ішкі талқылау  өткізілді. Осы жиналыста: әкімшілік  жаза және қылмыстық жауапкершілік  жемқорлыққа қарсы күресте нәтижелі әдіс болып есептелетінін көрсетті. Керітартпалық, шешім қабылдаудың жауаптылығы бақылау жүргізудің, тексерудің немесе мүдделер қақтығысының  мүмкіндігін қарастырудың, шектеулі мүмкіндіктерімен бір адамға жүктелуі себептері, аталған фактілер айқындық пен есеп беру болмағандықтан, кең тараған пара, сый алушылық, тамыр-таныстық, ағайынгершілік, ысырапшылдық, алаяқтық және қызмет бабын пайдалану – жемқорлықтың қауіпті екенін айқындайды.

Осы аталған мәселені шешудің тиімдірек жолдарын тауып, жемқорлыққа тойтарыс берілуі керек. Заңда сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзұшылық жасаған адамдардың жауапкершілігі қарастырылуы көзделеді.

Мемлекеттік қызметшілердің алда тұрған міндеті сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрестің тиімдірек және әсерлірек жолдарына бағытталған шараларды қабылдауға және нығайтуға ықпал жасау. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңында қарастырылған талаптар мен шараларды жүзеге асыруға бір кісідей ат салысуы керектігі аталып өтті.

Е. Садыков,«Жоңғар-Алатауы» МҰТП  РММ заңгері.

Мәліметпен бөлісу: