Сыбайлас жемқорлық ғасыр дерті

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық заман ағымымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі.

Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі осы зұлымдықпен күресу болып табылады. Осы мақсатта «Болашақ бағдары» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың 03 шілдесінде Сарқан аудандық кітапханасында «Сыбайлас жемқорлық-ғасыр дерті» тақырыбында кездесу өткізілді.

Шара барысында елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстар кеңінен айтылып, кітап көрмесі безендірілді, қатысушыларға арнайы дайындалған сыбайлас жемқорлыққа қарсы постерлер үлестірілді.

сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ #«Болашақ бағдары» қоғамдық бірлестігі #Сарқан ауданы

Мәліметпен бөлісу: