Сыбайлас жемқорлықпен күрес — болашақтың кепілі

Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлық дегеніміз – бұл заңдарды айналып өту арқылы өз мүддесін де материалдық және заңдық артықшылықтарды алу, «өзінің» адамдары есебінен жеке мәселелерін шешу.

Сыбайлас жемқорлық – бұл жағымсыз құбылыс. Ол қоғамның негіздеріне нұқсан келтіреді, дамуына қауіп төндіреді, мемлекеттік органдарға деген сенімді төмендетеді, экономиканың, қоғамның салиқалылығын бұзады. Адал немесе азғын мемлекетте өмір сүруіміз – сіз бен бізге байланысты. Мұқият болыңыз: алаяқтардан сақтаныңыз, құқықтар мен заңдарды ұстаныңыз, пара бермеңіз, азғыруға елікпеңіз, қызмет бабын асыра пайдаланбаңыз. «Жоғарыдағылардың» сыбайлас жемқорлық көріністеріне немқұрайлылық танытпаңыз, «көзбояушылардан» сақ болыңыз.

Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.

А.Карипова,

Сарқан аудандық  санитариялық-эпидемиологиялық  бақылау және қадағалау,  қызметті жоспарлау және талдау  бөлімінің бас маманы.  

Мәліметпен бөлісу: