
Сыбайлас жемқорлық – кез келген мемлекеттің дамуын тежейтін, қоғамның тұрақтылығы мен әділдігіне нұқсан келтіретін аса қауіпті әлеуметтік дерт. Ол мемлекеттік органдарға деген халық сенімін әлсіретеді, экономикалық прогресті баяулатады, азаматтардың құқығы мен мүмкіндіктерінің теңдігін бұзады. Жемқорлық жайлаған ортада әділдік салтанат құрмайды, еңбектің қадірі төмендейді, ал қоғамда әлеуметтік әділетсіздік күшейеді.
Осыған байланысты сыбайлас жемқорлықпен күрес – әр азаматтың жауапкершілігі, ал адалдық, парасаттылық, ашықтық құндылықтарын қалыптастыру – тұрақты дамудың басты кепілі болып табылады.
Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық – ел ішіндегі әділдікке, дамуға және қоғамдық сенімге тікелей қауіп төндіретін қатер. Осы дертке қарсы тұру әр азаматтың азаматтық парызы. Біз заңды сыйлап, адалдықты ту етіп, өз ісімізде әділ болсақ қана жемқорлыққа мықты тосқауыл қоя аламыз.
Мемлекеттік қызметте ашықтықты арттыру, қоғамда парасаттылық мәдениетін қалыптастыру және құқықтық сауаттылықты күшейту – жемқорлықпен күрестің тиімді жолдары.
Д. САҒЫНҒАЛИ,
аудандық ішкісаясат, спорт, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы.
