Сыбайлас жемқорлықпен күрес — өзекті мәселе

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табыла­тын ол саяси даму тұрғысынан бір- біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық. «Сыбайлас жемқорлық» деген түсінік мағынасы «параға сатып алу», «corruptio» де­ген латын сөзінен аударылған. Сы­байлас жемқорлық Қазақстанның барлық табыстарына қол жеткізуге мүмкіндік туғызған мемлекетіміздің негізгі құндылығы — Тәуелсіздікке қауіп төндіреді. Сыбайлас жемқорлық қоғамның мемлекетке деген сеніміне селкеу түсіреді, елдің әлеуметтік- экномикалық және рухани өрлеуіне айтарлықтай кедергі келтіре оты­рып, мемлекеттік биліктің тиімділігін төмендетеді. Мемлекет пен қоғам біртұтас майдан кұрып жемқорлыққа қарсы шығуы тиіс. Жемқорлық- жай құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінетеді және ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер болып табылады. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бері сыбыйлас жемқорлықпен күрес республикамыздың мемлекеттік саясатының басты басымдығының бірі болып келеді.

Сыбайлас жемқорлықпен пәр- менді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігін нақты жолдарын толық білулері қажет. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбалас жемқорлықпен күрес аясын­да тиімді бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады. Осы мақсаттағы жұмыстарды жүйелі жүргізуге тағы бір серпін ретінде «Қазақстан Ре­спубликасында қылмысқа және сы­байлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Респу­бликасы Президентінің Жарлығы қолданысқа енгізілген. Бұл жарлық еліміздегі құқық қорғау органдары қызметтерін жетілдіруге бағыттала отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттермен олардың пай­да болуының алдын-алуда жүйелі, әрі тұрақты шаралар атқаруды қамтамасыз етеді. Қызмет құзыреті бойынша Тәртіптік кеңесі Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің әдеп кодексінің талаптарының сақталуын қадағалап, аталған заңнама мен ко­декс талаптарының бұзылуына жол берген қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілігін қарау белгіленген.

Сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылықтары мен қылмыстарының алдын алу мақсатында күнделікті жеке құрам арасында ҚР Сыбайлас жемқорлықпен күрес заңнамалары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіле отырып, бөлімше және топ басшылары өз қарамағындағы қызметкерлер арасында ашық және жабық түрде қызмет өткеру бары­сында тәрбие жұмыстарын жан­дандырып тексеру жұмыстарын ұйымдастырып отыру туралы қатаң ескертіледі.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып та­былады. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтаудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу тек мемлекеттік биліктің ғана емес, барлық Қазақстан Республика­сы азаматтарынынң азаматтық боры­шы деп білу керек.

А.КАРМЕНОВ,

Алматы облысы ПД

ӨҚБ-ның бастығы, полиция полковнигі

Мәліметпен бөлісу: