Сыбайлас жемқорлықсыз армия

2003 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы үкіметті, жеке секторды, бұқаралық ақпарат құралдарын және азаматтық қоғамды жемқорлық мәселесіне көңіл аударту мен оған қарсы күрес жүргізуге шақыру мақсатында желтоқсанның 9-ын Халықаралық жемқорлыққа қарсы күн деп жариялаған болатын. Биыл, осы атаулы күн қарсаңында Қазақстан Республикасы Қарулы күштер қатарында «Сыбайлас жемқорлықсыз армия»  акциясы бастау алған еді. Аталмыш шараның басты мақсаты осынау саладағы кез келген жемқорлық деректеріне нөлдік төзбеушілікті қалыптастыру.

Осы мақсатта өткен аптада аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім ғимаратында Талдықорған гарнизонының әскери полиция бөлімінің қызметкері Дарын Дүйсенбиновтың қатысуымен жиын өткізілді. Айтар ойын нақты мысалдармен өрнектеген Дарын Орынғалиұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда алдын алу шараларының маңыздылығын атап өтті. Аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлім басшысы Талғат Әлсеитов ұжым қызметкерлері арасында жүргізіліп жатқан жұмыстарға, жалпы, осынау бағыттағы шараларға кеңінен тоқталды. Соңында жиналғандар жиын тақырыбын арқау еткен слайд тамашалап, сұрақтар қоюға мүмкіндік алды.

Өз тілшіміз.

Мәліметпен бөлісу: