2024 жылғы 30 шілдеде ANTICOR Ortalygy алаңында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы С.К. Ахметжанов облыстың сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасын іске асыру бойынша брифинг өткізді.
Тәуекелдер картасы халық үшін аса сезімтал салалардағы тәуекелдерді және бюджетке келтірілген залалды болдырмауға бағытталған.
Жетісу облысының сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасына 9 сала енгізілген: әлеуметтік сала, құрылыс және тұрғын үй, экология, жолдар мен инфрақұрылым, бизнес, фискалдық сала, проблемалық құрылыс объектілері, сейсмикалық қауіпсіздік және агроөнеркәсіптік кешен.
1-ші жартыжылдықта сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасының 9 саласының 8-і бойынша нәтижелерге қол жеткізілді, мысалы:
Денсаулық сақтау саласында 27 медициналық мекеме басшылығына 400 млн. теңге сомасына заңсыз үстемеақылар алынып тасталды.
Білім беру саласында Сарқан ауданының білім бөлімінің бухгалтері 1,6 млрд. теңгеге ақша қаражатын ұрлаудың қылмыстық схемасы тоқтатылды. Сондай-ақ, 8 колледждің қызметінде басқарушы персоналға 79,2 млн.теңге сомасына жоғары жалақы мен үстемеақы төлемдері анықталды.
Талдықорған қаласының бірқатар көшелеріндегі жолдар саласында 2025-2026 жылдарға арналған сметаға 351,7 млн. теңге сомасына істелмейтін жұмыс көлемін енгізу фактілері анықталды.
Әлеуметтік қолдау саласында мүгедектікті белгілегені және ұзартқаны үшін облыстың еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті департаментінің бөлім басшысы тарапынан жүйелі парақорлықтың жолы кесілді.
Экология саласында жергілікті атқарушы органдардың балансына сібір жарасы бар 20 иесіз нысан қабылданды және 6 аудан әкімдіктерімен жерлеу бойынша санитарлық-қорғау аймақтары анықталды.
Тек тәуекел картасымен шектелмей, өзге де салаларда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша жұмыс жалғасуда. Мәселен, спорт саласында бірқатар спорт ұйымдарында заңсыз жалақылар мен үстемеақылар түрінде бюджеттен 2,5 млрд. теңге сома төленуіне жол берілмеді.
«Бизнеске жол» жобасы аясында 3 мыңға жуық шағын және орта бизнес субъектілерінің құқықтары қорғалды (2 964).
Алдағы кезеңге арналған міндеттер бірінші жартыжылдықта қамтылмаған салаларға баса назар аудара отырып, өңірдің тәуекелдер картасы бойынша жұмыс айқындалды.