Қоғамның өте қауіпті көріністеріне жататын, ғасыр дерті – сыбайлас жемқорлықтың алдын – алуда біздің мемлекеттік ұллтық табиғи паркімізде де басты назарында осы орайда «Қазақстан республикасының Президентінің 2022 жылғы № 802 жарлығымен ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді. Ұлттық паркте республикамызда қабылданған саясатын жүзеге асыру мақсатында іс – шаралар ұйымдастырылып, орындалу барысы ғылыми – техникалық кеңестерде, жиналыстарда, апталық жиындарда қаралып, шет қалмауда. Ұлттық парктің қызметкерлері тарапынан ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға келген туристік немесе рекреациялық мақсатта келген жеке және заңды тұлғалардың «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талаптарына сай құқықтарының сақталуына көңіл бөлінуде. Ұлттық парктің бас мекемесінде азаматтарды бас директордың бас директордың орынбасарларының көтерген мәселелері мен өтініштері бойынша қабылдау кестесі белгіленген. Нәтижеде жеке азаматтардың әуре сарсаңға түспей, мәселелерінің уақытында заң талаптарының шеңберінде шешілуі қамтамасыз етіледі. Сол сияқты жеке тұлғалар маусым кезінде ұлттық табиғи парктің аумағына мал жаюға, шөп шабуға, бал арасын орналастыруға өтініштер жазған кезде, оларға орман билеттерінің регламентке сай заң талаптары жазылып беріледі.
Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеудің жолдарының бірі табиғи паркте жұмыс істейтін қызметкерлердің құқықтық білімін көтеру қажет. Сондықтан жыл сайын өрт қауіпі бар маусымның алдында өткізілетін семинарларда мемлекеттік инспекторлар үшін жемқорлықтың алдын – алу жолдары туралы дәрістері де оқылады. Сонымен қатар, парктің мамандары тарапынан ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы заң бұзушылықтар анықталған жағдайда тиісті азаматтарға әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалары мен қаулыларды толтырған кездерінде де «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» түсіндіріп жүргізуде. Алдағы уақыттарда да біздің ұлттық паркте сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқиғаларының алдын – алу іс – шаралары жүйелі түрде жалғасын таба беруде.
С. Ержанов,
«Жоңғар – Алатауы МҰТП» РММ
бас директордың орынбасары.