«СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – ОРТАҚ МІНДЕТ»

11 қыркүйек 2026 жылы Талдықорған қаласы №27 орта мектеп-гимназиясының акт залында 10–11 сынып оқушыларының қатысуымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған кездесу өткізілді.

Кездесудің басты мақсаты – оқушыларға сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін кері әсерін түсіндіру, құқықтық сауаттылығын арттыру, адалдық, әділдік, жауапкершілік және парасаттылық құндылықтарын қалыптастыру.

Іс-шара барысында мектеп директоры сөз сөйлеп, жас ұрпақ арасында адалдық қағидаттарын қалыптастырудың және заң талаптарын сақтаудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға арналған арнайы бейнеролик көрсетіліп, оның мазмұны бойынша пікір алмасу ұйымдастырылды.

Кездесудің арнайы қонағы – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Асқар Арыстан Асқарұлы оқушыларға қонақ дәріс өткізіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, құқықтық жауапкершілік, адал еңбек пен парасаттылықтың қоғамдағы рөлі туралы маңызды ақпарат берді.

Шара мектеп әкімшілігі мен әдеп-құқық жұмысы жөніндегі ментордың ұйымдастыруымен өткізілді.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – әр азаматтың ортақ жауапкершілігі.
Адалдық пен парасаттылық – әділетті қоғамның берік негізі!

Мәліметпен бөлісу: