Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің дамуына және қоғамға кері әсері

Адамзат баласы өмір сүріп жатқан қоғам дамуы үздіксіз үдеріс. Әрбір жаңғырған қоғамда өзіндік қарым – қатынастарын лайықты шешіп отыратын заңдар жиынтығы қалыптасады.  Заңдардың басты теориясы ерекше қалпында сақталғанымен, уақыт талабына сай оның ішкі құрылымдарының кейбір элементтері әрдайым жаңартылып отырады.

Еліміз егемендігін алып өз алдына Қазақстан Республикасы болып материалистік тұрғыдан қалыптасты. Жоспарлы экономикаға негізделіп, соған лайықты заңнамаларды ұстанған бір кезеңнен, жаңа деңгейдегі нарықтық – капиталистік қарым – қатыасқа өтті. Осындай өтпелі кезеңде Қазақстандық қоғам сыбайлас жемқорлықтың әлеуметтік – экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру, инвестицияларды тарту процесін баяулататынын, демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететіндігін, елдің дамуына, болашағына айтарлықтай кері әсері бар. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін халыққа құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керек. Халық өздерінің құқықтарын қолдану жолдарын нақта және толық білулері қажет. Конституциялық тәртіпті қорғау үшін қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінгі күнде басты мақсат.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.

С.Исабаева,

аудандық қазынашылық басқармасының

бас маман – бас қазынашысы.

Мәліметпен бөлісу: