«Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының құрылымын жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің 1995 жылғы 19 қазандағы №2541 жарлығымен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар және елдің азаматтық қорғанысы саласындағы уәкілетті орталық атқарушы орган ретінде Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті құрылған болатын.
Сондықтан Қазақстан Республи-касының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетінің құрылған күні 19 қазан — азаматтық қорғау жүйесінің кәсіби мерекесі – Құтқарушы күні болып табылады.
Сөзсіз 1995 жылдан бастап азаматтық қорғау жүйесі айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Орталық атқарушы органдардың құрылымын жетілдіру шеңберінде МТЖК Төтенше жағдайлар комитеті, содан кейін Агенттік, Министрлік, ІІМ ТЖ комитеті болып қайта құрылды және 2020 жылы Президенттің Жарлығымен ТЖ министрлігі болып қайта құрылды.
Жалпы, Сарқан ауданы гарнизонында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі жұмыс ерекше маңызды болып табылады. Құрамына 3 өрт сөндіру техникасы, барлығы 26 адам қызмет атқарады, оның ішінде офицерлер құрамы 11, сержанттар құрамы 15 адам өрт сөндірушілер, жүргізушілер кіретін қызметкерлер төтен-ше жағдайларды жояды, өртті сөндіреді, адамдар мен мүлікті құтқарады. Осы орайда жаңадан келген жас мамандарға мүлтіксіз ұзақ жылдық қызметімен үлгі болып келе жатқан № 12 – ӨСБ қарауыл бастығы, азаматтық қорғау капитаны Тлеужанов Еділдің еңбек тәжірибесі 17 жылды құраса, № 12 – ӨСБ бөлімше командирі Бегадилов Бағлан 18 жыл азаматтық қорғау саласында еңбек етіп келеді.
Адамның қауіпсіздігі, оның өмірін сақтап қалу — құтқарушының негізгі ұстанымы болып табылады және адамның айналасында қауіпсіз ортаны құру және сақтау ержүрек құтқарушылардың басты мақсаты болып табылады.
2023 жылғы 19 қазанда азаматтық қорғау органдарына 28 жыл толды. Ширек ғасырда елдің азаматтық қорғау жүйесін жетілдіру бойынша айтарлықтай жұмыс жүргізілді, бұл — заңнаманы қабылдау, төтенше жағдайлардан қорғау үшін жаңа объектілер салу, құтқару және өрт сөндіру техникасы мен жабдықтарын сатып алу, Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің жалақысын арттыру, қызмет өткеру жағдайларын жақсарту, кәсіби кадрларды даярлау, өрт сөндіру-құтқару спорты мен халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
Соңғы жылдары әлемнің көптеген нүктесіндегі ірі тө-тенше жағдайлар құтқарушылардың күш-жігерін апатпен немесе техногендік апатпен күресте біріктіріп, олардың ауызбіршілігін көрсетті. Күні кешегі бауырлас елдер Түркия мен Ауғанстан мемле-кеттерінде орын алған жер сілкініс-терінің салдарынан болған апатты жоюға қазақстандық құтқарушылар да барып, еліміздің атына кір келтірмей, өз міндеттерін абыроймен атқарып қайтты. Өзге елдің құтқарушылары да біздің әріптестеріміздің шеберлігін жоғары бағалады. Бұл біздің құтқарушылардың кәсіби біліктіліктерін, биік азаматтық тұлғаларын, үлкен жүректерін көрсетеді. Мамандыққа адалдық таныту, ерлікке және кез келген сынаққа дайын болу біздің басты мақсатымыз.
Құрметті біздің құтқарушылар, сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Сіздерге мықты денсаулық, шаңырақтарыңызға бақ-береке, шұғыл кету туралы дабыл қағылмай, тыныш кезекшіліктегі қауіпсіз қызмет тілейміз! Сарқан ауданы гарнизонының барлық жеке құрамын келе жатқан 19 қазан-ҚР Құтқарушылар күнімен кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Әрдайым сәттілік серік болып, отбасыларыңызға аман-есен оралуға тілектестік білдіреміз!
Сарқан аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі.