
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 275 бұйрығымен бекітілген «Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдардың жалақысын субсидиялау қағидаларына» өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Субсидияланатын жұмыс орны – жалақысын толық немесе ішінара субсидиялай отырып, жұмыссыздарды, сондай-ақ оқудан бос уақытта денсаулығына зиян келтірілмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмысқа қатысатын студенттер мен жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларын жұмысқа орналастыру үшін, еңбек мобильділігі орталығымен (мансап орталығымен) шарт негізінде жұмыс беруші құратын жұмыс орны Жұмыс берушінің субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеуге жұмсаған шығындарын толық немесе ішінара өтеу, яғни жалақыны субсидиялау жүргізіледі. Мансап орталықтары субсидияланатын жұмыс орындарын: жеке меншік нысанындағы коммерциялық заңды тұлғалардың, дара кәсіпкерлердің, шаруа қожалықтарының және әлеуметтік кәсіпкерлердің, мемлекеттiк мекемелердің, олардың ведомстволарының және ведомстволық бағынысты ұйымдарының, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың өтінімдері бойынша: Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген жұмыс істеп тұрған заңды тұлға немесе дара кәсіпкер мәртебесі болған; өтінім берген күннің алдында 12 айдан астам қызметті жүзеге асырған; банкроттық немесе таратылу рәсімі болмаған; терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде болмаған; еңбек мобильділігі орталығымен субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы бұрын жасалған шарттар Тұрғындар назарына! бойынша міндеттемелерді толық орындаған (бар болса); өтінім берген күнге жалақы бойынша мерзімі өткен берешек болмаған; Әлеуметтік кодекске және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға өтінім берген күннің алдындағы соңғы 12 айда әлеуметтік төлемдерді тұрақты жүргізген; жалған кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған салық төлеушілердің тізбесінде болмаған; өтінім берген күнге тіркелген электрондық еңбек шарттары бар жұмыскерлердің тізімдік саны болған кезде; өткен күнтізбелік жылы өзінде субсидияланатын жұмыс орындарындағы жұмысын аяқтаған (өтінім берген күнге) жұмыссыздардың кемінде 10%- ын (бірақ кемінде 1 жұмыссызды) міндетті түрде тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырған (бар болса) кезде; арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың тіркелімінде болмаған кезде ұйымдастырады. Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға жұмыс берушілерден өтінімдерді жинау Электрондық еңбек биржасында ағымдағы немесе алдағы қаржы жылына арналған субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады. Алдағы қаржы жылына субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға жұмыс берушілерден өтінімдерді қабылдау жыл сайын 20 желтоқсаннан бастап 31 желтоқсанға дейінгі аралықта жүзеге асырылады. Ағымдағы қаржы жылына субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға жұмыс берушілерден өтінімдерді қабылдау 1 ақпаннан бастап 30 қыркүйекке дейінгі аралықта жүзеге асырылады.
Б.Болат.
Сарқан ауданының мансап орталығы филиалының директоры.
