
Этносаралық келісім – Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін қалыптастырушы маңызды факторлардың бірі. Бүгінде әлемде тұрақсыздық пен қақтығыстар жиілеген тұста, Қазақстанның бейбітшілік пен келісім үлгісін ұсынуы – жаһандық қоғамдастық үшін құнды тәжірибе.
Елдегі этностық әртүрлілік экономикалық, мәдени және әлеуметтік даму үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Әртүрлі мәдениеттердің өзара ықпалдасуы инновация мен шығармашылықтың көзіне айналып, елдің жаһандық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.
Этностар арасында келеңсіздікке жол бермеу — баршамызға зор жауапкершілік жүктейді. Бұл бағытта Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымдарына, оның мүшелеріне артылған сенім жүгі жоғары. Бірлесе атқарған жұмыстар арқылы азаматтарымыздың татулығы мен бірлігін, қоғамның қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ете аламыз.
Қазақстанның бейбітшілікті ұстануы тек ішкі саясатпен шектелмейді. Ел халықаралық деңгейде де қақтығыстарды шешуге атсалысып, диалог алаңдарын ұсынуда. Бұл Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы рөлін нығайтып, елдің тұрақты және сенімді серіктес ретіндегі имиджін қалыптастырады.
