
Еліміздің білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысы келесі негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады: рухани-танымдық тәрбие; ұлттық тәрбие; отбасылық тәрбие; қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу, құқықтық тәрбие; еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие; көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие; зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу; дене тәрбиесі, салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Бұрын тәрбие мен білім егіз деуші едік. Қазір сол егіздің сыңарының бірі дәріптеліп, екіншісі көп айтыла бермейді. Шын мәнінде, тәрбие – ізгі дүниенің бастауы. Соның ізімен білім мен ғылым жүрсе, қоғамда әділдік орнап, адамгершілік байрағы желбірейді.
