
САРҚАНДА «ӘДІЛЕТТІ ЖӘНЕ ПРОГРЕССИВТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚТЫҚ КОНСТИТУЦИЯСЫ ҮШІН!» АУДАНДЫҚ КОАЛИЦИЯСЫ «АМАНБӨКТЕР» МЕКТЕБІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Бүгін Аманбөктер ауылы Аманбөктер мектебінде Жаңа Конституция жобасының мазмұнын түсіндіру, ондағы өзгерістердің ел болашағына әсерін қоғамның белсенді бөлігі болып саналатын қызметкерлермен жан-жақты жеткізу мақсатында мектеп ұжымымен кездесу өтті.
Кездесуге Сарқан аудандық коалициясының мүшелері Мұрат Шыңғыс Ерланұлы қатысты.
Сарқан аудандық коалиция мүшелері Конституция жобасына енгізіліп отырған негізгі өзгерістер мен толықтыруларды жан-жақты түсіндіріп, олардың қоғамды демократияландыруға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нақты кепілдендіруге, Референдумға ұсынылған өзгерістер мемлекеттік басқаруды заманауи талаптарға сәйкестендіруге, сот және құқық қорғау салаларының жұмысын күшейтуге, адами капиталды нығайтуға, сондай-ақ гендерлік теңдікті ілгерілетуге бағытталғанын атап өтті.
Айта кету керек, 15 наурызда Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі республикалық референдум өтеді.
