Тұтас бір дәуірдің тарихын қамтыған

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабы шығуына байланысты Сарқан гуманитарлық колледжінің кітапханасында колледж студенттерінің қатысуымен кітаппен танысу дөңгелек үстелі ұйымдастырылды. Кітап тарихи публицистика жанрында жазылған. Ол еліміздің жаңа тарихы мен оның ертеңіне деген автордың көзқарасын танытады. Егемен мемлекеттің негізі қаланған күннен бастап оның қалыптасу кезеңдерінің ерекшіліктері мен 26 жылдық тәуелсіздік дәуіріндегі ішкі және сыртқы сын-қатерлерді еңсеруге байланысты қабылданған шешімдердің мән-мазмұны мен тетіктері егжей-тегжейлі баяндалады.

 

 

26 жыл – қас-қағым сәт болғанымен, қазақ үшін ғасырға бергісіз кезең. Бар-жоғы ширек ғасырда еліміз биік белестерді бағындыра білді. Сондықтан бұл аралық еңбек пен жарқын келешекке ұмтылыстың заманы іспетті. Елбасы кітабын «Тәуелсіздік дәуірі» деп атауы сондықтан.

Аталмыш туынды 4 бөлімнен тұрады: 1.Мемлекетіміздің дүниеге келуі. 2.Ұлы бетбұрыс. 3.Қияға құлаш сермеу. 4.Қалыптасқан мемлекет. Еліміздің тарихын кезең – кезеңге бөліп қарастырған. «Тәуелсіздік дәуірі» отандық және шетелдік қалын оқырман қауымды қызықтырар туынды. Біздің азаматтарымыз, әсіресе жастарымыз бағдарымыздың не үшін және қалай айқындалғанын, тәуелсіз Қазақстанның қандай жағдайда өмірге келіп, құрылғанын, оны қалыптастыруда қандай адамдардың маңызды рөл атқарғанын, сол кезде қандай оқиғалар болғанын білуге тиіс. Осының барлығын ой таразысынан өткізу бәрімізге қажет. Бұл кітап біздің Отанымыз – тәуелсіз Қазақстанның алғашқы онжылдықтардағы даңқты тарихын білуге және түсінуге,елімізді мақтан етіп, ел болашағын жасайтын жасампаздар қатарына қосу және тәуелсіздігімізді сақтап қалудың бай құралы.

Мәліметпен бөлісу: