Еліміз бойынша наурыздың 5-6 аралығында «2018 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңі жағдайына төтенше жағдайларды жою кезеңіндегі іс-қимылдарға АҚМЖ-ның басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау» атауымен «Көктем-2018» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өтуде
Осынау оқу-жаттығу аясында аудандық Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиясының және Азаматтық қорғау қызметтерінің құрылымдары, жалпы саны 105 адам, 35 дана түрлі техника сап түзеді. Аталмыш құрылымдардың айтып келмейтін апатқа дайындық деңгейін тексеру мақсатында аудандық азаматтық қорғаныс бастығы, аудан әкімі Ерғазы Қошанбеков сапты аралап, адамдар мен арнайы техниканың, қажетті құрал-жабдықтардың жұмыс қабілеттерін көзбен көріп, қолмен ұстады. Әрбір арнайы топтың мүшелерімен сөйлесіп, апат кезіндегі нақты мақсаттарын сұраған Ерғазы Қошанбекұлы шара барысында бірқатар жекелеген кемшіліктерді атап көрсетіп оны жою бойынша нақты тапсырмалар берді.
Өз тілшіміз.