Төтенше жағдайларға дайындық пысықталды

Апта басында аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жанындағы алаңда «Қыс-2017»

 

Республикалық коман-далы-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді. 35 дана әр түрлі деңгейдегі техника және 110 адам сап түзеп азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесін ұйымдастыруды жетілдіру, сондай-ақ басқару органдарын, күштер мен құралдарды талапқа сай ұстау мақсатында өткен ауқымды шараға аудан әкімі — аудандық азаматтық қорғаныс бастығы Е.Қошанбеков қатысып, ауданның жедел әрекет ету жасағының жеке буындары және командаларының саптық түзілуін аралап осы буынды құрайтын біраз мекемелер жұмысына қатаң сын айтып, оны жоюға бағытталған нақты тапсырмалар жүктеді.

Сонымен бірге саптық тексеріс кезінде Ерғазы Қошанбекұлы әрбір құрам және буындардың төтенше жағдайлар кезіндегі негізгі міндеттері мен қимылдарын сұрап, мүлікпен, арнайы киім және техникамен жабдықталуымен танысты. Шараға аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою жөніндегі комиссия мүшелері, аудандық эвакуациялық комиссия, жедел әрекет ету жасағы және т.б. қатысты.

П.ЖЕҢІСХАН.

Мәліметпен бөлісу: