Тәуелсіз елім – Қазақстан

Тәуелсіз елдің мемлекеттік тіл мәртебесі тұрақты болып, өрісті дамуына үлес қосу- әрқайсымыздың жауапкершілігіміз болу қажет. Қазақ балаларының өзге тілді меңгеруіне қуанып,өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілінде сөйлеп, білім алып жатқанын көргенде бір жасап қаламыз. Біздің басты міндетіміз болашақ ұрпаққа ұлағатты тәрбие беру,мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру.

Биыл – Тәуелсіздігіміздің  30 жылдығына орай оқу ісінің меңгерушісі А.Омаровтың ұйымдастыруымен тіл мерекесінің он күндігін онлайн түрінде өткіздік. орыс тілі пәнінің мұғалімі А.Жексембаева, «Тәуелсіздік – тірегім», психолог Ж.Төлеутаев,  «Жұлдызым менің жоғары»,  тарих пәнінің мұғалімі Г.Ахмадиева  «Туған елге тағзым», ағылшын пәнінің мұғалімі М.Серикова «Мен тәуелсіз елдің ұрпағымын» атты тақырыпта ашық сабақ өткізді. Мектеп кітапханашысы ретінде  мен ұйымдастырған кітап көрмесінің тақырыбы «Тәуелсіз елім – Қазақстан»  деп аталды.  Балаларды өз тілін құрметтеуге, білім- ғылыммен  айналысуға, рухани дамуға және әлемдік мәдениеттің құндылығын бойға жинауға  әрбиелеу біздің міндетіміз.

Ұлы жазушы М.Әуезов «Ұлттың тілі-сол ұлттың жаны, жан дүниесі.Ол жүректі соқтырып тұрған қан тамыры сияқты. Егер қан тамыры жабылып қалса, жүрек соғуын тоқтатпай ма» –деп тура айтқан. Олай болса тілімізді қадірлей білейік.

Н.Мынбаева,

                                             Көкөзек орта мектебінің кітапханашысы.

Мәліметпен бөлісу: