ТӘУЕЛСІЗДІК – БІЗДІҢ ЕҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫМЫЗ, ОЛ БӘРІНЕН ЖОҒАРЫ!

Қазақстан тәуелсіздік жылдарында халықаралық аренада танымал, өркендеген, дамып келе жатқан елге айналды. 2021 жылды Президент “Тәуелсіздіктің 30 жылдығы” жылы деп жариялады. Қазақстан әлеуметтік-экономикалық өзгерістердегі ТМД көшбасшыларының бірі болып табылады. Экономикалық дамудағы жетістіктер республика халқының әл-ауқатының өсуіне ықпал етті.

Облыс экономиканың дамуы үшін күрделі жағдайларға, тыныс-тіршіліктің барлық саласына әсер еткен коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты жағымсыз әсерлерге қарамастан бюджетке салық түсімдерінің оң серпінін сақтаған аймақтың бірі болды.  Департамент қабылдаған шаралардың нәтижесінде былтыр мемлекеттік бюджетке 14 млрд.теңге кіріс кіріп, жоспар асыра орындалды.

Департамент қосымша резервтерді іздестіру бойынша үлкен жұмыс жүргізуде, онда өткен жылы 32 млрд. теңге өндірілді. Биылдың 6 айында мемлекеттік бюджетке кірістер бойынша 350,4 млрд.теңге түсіп, жоспар 108,1 пайызға орындалды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 105,6 млрд.теңгеге артық, өсу қарқыны 43,2 пайызды құрайды.

Департамент жұмысының маңызды бағыттарының бірі – мемлекеттік кірістер органдарының қызметіне қоғамның қанағаттану деңгейін арттырып, бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдай туғызу. Мемлекетті тұрақты салық түсімдерімен қамтамасыз ету үшін уақыт пен қаржы шығындарын қысқарту және парасатты салық төлеушілерді ынталандыру жолымен бизнесті дамытуға жағдай жасау қажет. Сондықтан біз мемлекеттік қызметтер көрсетіп, түсіндіруге көп көңіл бөлеміз.

Бүгінгі күні мемлекеттік кірістер органдары 42 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. оның 97 пайызы электронды түрде. Электрондық қызметтерді тәуліктің кез келген уақытында үйден немесе кеңседен шықпай-ақ онлайн режимде алуға болады. Осылайша, адамдар мен қызметкерлер арасында қандайда бір байланыс алынып тасталады, кезекте тұрудың қажеті жоқ, сонымен бірге, салық төлеу үрдісі жеңілдетіледі. Салық төлеушілердің уақытша және қаржылық шығындары айтарлықтай азаяды.

Салықтық және кедендік әкімшілендіруді дамыту жобасы шеңберінде жаңа техникалық және технологиялық шешімдерді ескере отырып, ақпараттық жүйелерді дамыту бойынша жұмыстар жоспарлы түрде жүргізілуде. Бұл электрондық шот-фактуралар (ЭШФ), виртуалды қойма, Е-салық-Азамат, ТІЖ, QR-код және басқалар. Мемлекет басшысы атап өткендей, «Тәуелсіздік – біздің басты құндылығымыз, ол бәрінен жоғары! Біздің міндетіміз – гүлденген және қуатты Қазақстанды болашақ ұрпаққа мұра етіп қалдыру» болып табылады.

Сырым ДІНБАЕВ,

Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы

Сурет ғаламтордан алынды

Мәліметпен бөлісу: