Тәуелсіздікке тағзым

«Тәуелсіздік», «егемендік» — өте бір сақталатын, есте қалатын сөздер. Әр елдің тарихында ерекше орын алатын күн- тәуелсіздікке қол жеткізген күн. Біздің еліміздің сол бір ерекше күні 16 желтоқсан. Біздің еліміз, жеріміз аңсап, қан төгіп, тер төгіп шарықтап жеткен күні. Қазақ жері, қазақ елі біздің ата- бабаларымыздың кейінгі ұрпақтарға қалдырып еткен баға жетпес байлығы және асыл мұрасы.

Біздің ата шежіреміз ғасырлар бойы Ресей тарихының құрамды бөлігі болып келді, солай хатталды да. Жаңа Тәуелсіздік заманда өз халқымыздың тарихын өзіміз жазып, жаңа егемендік ел, халық тұрғысынан жазуға мүмкіндік алдық.

Әрине тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ. Елім, жерім деп жаудан ұлтарақтай жері үшін, небір қазақтың батырлары өз өмірлерін қиып, қанды шайқастарда қаза болды.

Тәуелсіздік — азат елдің арда мерекесі. Тарихи елеулі оқиға. Тәуелсіздік бабалар арманы мен аңсары болған біздің киелі құндылығымыз. Азаттықтың арайлап атқан әр таңы үлкен бақыт, бұйырған бақ. Барша қазақстандықтар қуана қарсы алған Тәуелсіздік мейрамы елімізді жаңа үміттер мен жаңа жетістіктерге жетелейді. Тәуелсіздік күні – ел еңсесін биіктеткен қастерлі мереке. 16 желтоқсан – ата-бабамыздың асқақ арманы орындалып, ел іргесі бекіген күн. Ұлт үшін айрықша мерекеге орайластырылған салтанатты шараға отандық жұлдыздар құттықтау лебізін ән-шашумен жеткізіп, асқақ сезімге толы әуендерімен әрлей түседі. Тәуелсіздікке жасалған бір қадам — Желтоқсан оқиғасы. Қазақ елінің болашақта қандай ел болатынын, намысшыл қазақ жастарының айбындылығын айқындап берген Желтоқсан оқиғасына 34 жыл толды.  Желтоқсанның құрбандары болған, еліміздің тәуелсіздігі үшін жанын қиған аға-әпкелерімізге мың тағзым. Ал, Тәуелсіздік алғанымызға 30 жыл толып отыр. Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын! Ерліктеріңіз ешқашан ұмытылмайды.

Диана Ерқасыл,

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің

7 — сынып оқушысы.

Мәліметпен бөлісу: