
Тағамнан улану дегеніміз -микробтармен және оның токсиндерімен ластанған азық-түлікті пайдаланғаннан кейін жедел пайда болатын, адамнан адамға жұқпайтын ауру.
Тағамнан уланудың жалпы белгілері: аурудың тез арада жедел түрде басталуы, бір уақытта бірнеше адамның ауруы, аурудың белгілі бір тағаммен, бір орыннан тамақтанумен байланысы, улануға себеп болған тұтынылған өнімді алып тастағаннан кейін аурудың тоқтауы.
Тағамнан уланудың негізгі себептері жеке бас гигиенасының, санитариялық-гигиеналық талаптардың және тамақтарды дайындау барысында технологиялық процестердің, сақтау мерзімдері мен шарттарын, температуралық режимдердің сақталмауы болып табылады.
Тағамнан уланудың алғашқы белгілері асқазанның ауырсынуы, құсу, жүрек айну, дене қызуының жоғарылауы. Тамақтан уланудың клиникалық көрінісі улану түріне және ластанған тағамды жеген мөлшеріне байланысты және алғашқы белгілер алғашқы 2-3 сағатта пайда болады.
Тағамнан уланудың ең алғашқы белгілері байқалған кезде әсіресе балалар, қарт адамдар және жүкті әйелдер тез арада дәрігерлерлік көмекке жүгінуі тиіс.
Бактериялар мен микробтар ылғалды, жылы және қоректік ортада тез көбейеді. Аурулардың алдын алу мақсатында қарапайым ережелерді сақтау қажет:
термиялық өңдеуге жатпайтын жемістерді ағынды сумен жуып, қажет болған жағдайда қайнаған сумен жууға болады;
қайнатылған немесе бөтелкедегі суды ішу;
тез бұзылатын өнімдерді тоңазытқыштарда сақтау;
азық-түлік өнімдерін сауда объектілерінен сатып алыңыз, өндірілген күніне, жарамдылық мерзіміне, қаптаманың тұтастығына және өнімді дүкендегі сақтау шарттарына назар аудару;
азық-түлік өнімдерін белгісіз адамдардан, белгіленбеген орындардан, әсіресе үйде дайындалған, соның ішінде консервіленген өнімдерді сатып алмау;
егер тамақтың түрі, түсі, иісі және басқа күмән тудыратын белгілері болса оны тастау қажет;
жеке гигиенаны сақтаңыз, тамақтану алдында, сондай-ақ далаға, дәретханаға және басқа жерлерге барғаннан кейін қолыңызды жуыңыз.
Асхат Чарапиев, Жетісу облысы СЭБД басшысы