Абай кейінгі ұрпаққа, яғни бізге өсиет өлеңдерін жазып қалдырған. Бір ғажабы Абайдың өлеңдері осы күнге дейін өз құнын жоймай келеді. Ақынның ұлылығы да, даналығы да осында болса керек.
Абайдың табиғат туралы өлеңдерін журналдан, әдебиет оқулығынан оқып, білдім. Ақын табиғат пен адам арасындағы байланысты шеберлікпен бейнелейді. Мысалы:
Қансонарда бүркітші шығады аңға,
Тастан түлкі табылар аңдығанға.
Жақсы ат пен тату жолдас-бір ғанибет,
Ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға.
Абайдың өлеңдері бейнелі, астарлы. Онда жайдан-жай бос сөз болмайды. Әр сөз мағыналы, түсінікті Сондықтан да ақынның өлеңдерінің әр жолы мақал-мәтелге айналып кеткен. Абайдың асыл сөздері ұрпақтарына мәңгі қала бермек.
Маржан Сақбек,
Қарауылтөбе орта
мектебінің 4-сынып оқушысы.
Сынып жетекшісі: С.Жексембекова.
Абай — 175